×

Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

Күдікті ұсталды

Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты
egemen.kz

Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соттың санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді азамат тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде Алматы базарларының бірінде белгісіз ер адам әйел адамның басы салынған пакетті тастап кеткен. Кейіннен сол маңдағы саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан әйелдің мәйіті табылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →