×

Мәскеу түнде тағы ұйықтамады. Ресей астанасына дронмен шабуыл жасалды

Қала тұрғындары ұшқышсыз ұшатын дрондарды көрген

Мәскеу түнде тағы ұйықтамады. Ресей астанасына дронмен шабуыл жасалды
Надежда Серёжкина / РБК

18 тамыздың түнінде Мәскеу тұрғындары жойқын атыс дауысын естіді. Әсіресе, «Мәскеу-сити» іскерлік орталығы маңында дрондардың шабуылы байқалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала тұрғындары ұшқышсыз ұшатын дрондарды көрген.

ВЧК-ОГПУ Telegram арнасының хабарлауынша, ұшқышсыз ұшақ  «Мәскеу-Сити» маңындағы іскерлік орталығының шатырына құлап, шатырды жарып өткен.

«Бүгін түнде Мәскеуге ұшпақ болған кезде әуе қорғаныс күштері  дронды жойды. Ұшақ сынықтары Экспоцентр аймағына құлады, ғимаратқа айтарлықтай зақым келген жоқ. Алдын ала зардап шеккен адамдардың жоқ екені анықталды», – деді Мәскеу мэрі Сергей Собянин. 

Айта кетейік, кейінгі айларда дрондар Мәскеудің түрлі аудандарына, тіпті Кремльге де жеткен. Соңғы рет 1 тамызда шабуыл болған еді. Ресей билігі осының алдында мұны «Украинаның террористік шабуылы» деп айтқан.

Алайда ресми Киев пікір берген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →