×

«РОП» ісі бойынша неліктен Әлия Назарбаева жауапқа тартылмады – Антикор өкілі жауап берді

Сайыровтың мәлімдемесінен хабарсыз

«РОП» ісі бойынша неліктен Әлия Назарбаева жауапқа тартылмады – Антикор өкілі жауап берді
Baq.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Cүлейменов әйгілі «РОП» ісі бойынша аты аталғанымен, неліктен Әлия Назарбаева жауапқа тартылмағаны жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Журналистер бүгін Аманат партиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында ӨКМ ісі бойынша не себепті Әлия Назарбаева қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын сұраған. Еске сала кетейік, таяуда Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Атырауда AMANAT партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық кеңесінің көшпелі отырысында куәгерлердің утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметінің соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін айтқан еді.


«Әділетті Қазақстан шындыққа және заңды қатаң сақтауға негізделген. Барлығы заңға сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі, жақында «Оператор РОП» деп аталатын ұйымның бірқатар басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот процесінде көптеген куәгер сыбайлас жемқорлық арқылы табылған қаражаттың түпкілікті пайда алушысы Әлия Назарбаева екенін көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де процесс барысында бұл азаматтардың уәжіне назар аудармады», - деген еді депутат.


«Не себепті тартылмады?» деген сұраққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Cүлейменов жауап берді. Алайда «Әлия Назарбаеваны кім көрсетті?» деп журналиске сұрақ қойып, Сайыровтың мәлімдемесінен хабарсыз екенін көрсетті.
 

«ӨКМ ісін біз аяқтадық. Ол іс бойынша сот процесі аяқталды. Үкім шықты. Басқа материалдар бізде жоқ. Қылмыстық істе ол туралы жоқ (Әлия Назарбаева жайлы)», - дейді Қанат Сүлейменов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →