×

“Израиль: қазақстандық бір азамат қайтыс болды” – ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Хамаспен соғыс кезінде Израиль жағында қаза тапқандар саны – кемі 1300 адам

“Израиль: қазақстандық бір азамат қайтыс болды” – ҚР СІМ мәлімдеме жасады
rbc.ru

ҚР СІМ Хамас шабуылы кезінде Қазақстанның азаматы өлгенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдымен, бұл ақпаратты Израиль билігіне сілтеме жасап БАҚ таратқан. 

Newsru ақпарат көзінің хабарлауынша, Хамаспен соғыс кезінде Израиль жағында қаза тапқандар саны – кемі 1300 адам.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті Газа тарапының шабуылынан АҚШ-тың 29 азаматтың қаза тапқанын растаған. Хамаспен соғыс кезінде Израиль жағында қаза тапқандар саны – кем дегенде 1300.

Өлтірілгендердің арасында Израиль, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Австрия, Германия, Венгрия, Ирландия, Италия, Испания, Латвия, Литва, Португалия, Румыния, Аргентина, Перу, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Бразилия, Қытай, Үндістан, Таиланд, Филиппин, Непал, Оңтүстік Африка азаматтары бар, Судан, Түркия, Өзбекстан азаматтары бар деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты БАҚ Израиль билігіне сілтеме жасап хабарлайды. Аталған БАҚ-тың хабарлауынша, қаза болғандар ішінде Қазақстанның бір азаматы бар. Алайда ҚР СІМ бұл мәліметті жоққа шығарды.

“Ақпарат шындыққа жанаспайды, Израиль биліктері кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады”, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Qaz.365.kz тілшісіне берген жауабында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров соғыс басталған уақытта Израильде шамамен 400 адам болғанын, ал Газа аймағында 25 қазақстандық отбасы барын хабарлаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →