×

Әбілдаев ақжолдықтарды "псевдопатриоттар" деп айыптады

Экс-депутат Азамат Әбілдаев Соловьёв Live эфирінде Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдағаны үшін партиядан шығарылуы жайлы айтып берді

Әбілдаев ақжолдықтарды "псевдопатриоттар" деп айыптады
exk.kz

Экс-депутат Азамат Әбілдаев Соловьёв Live эфирінде Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдағаны үшін партиядан шығарылуы жайлы айтып, партиядағы әріптестерін “псевдопатриоттар” деп айыптады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Мұны менің партияластарым жасады. Мен “Ақ жол” партиясынанмын. Мен осы партияда 10 жыл жүрдім. Соңғы 3-3,5 жылда отбасылық жағдайларға байланысты өзімнің ауылымда болдым. Партияға қайтып келгенімде, осы уақыт аралығында көп нәрсе өзгергенін түсіндім. Көптеген филиалдың директорлары кетіп, нағыз ұлтжандылар келіпті. Әрине, псевдопатриоттар. Бізде әрқашан әртүрлі мәлімдемелерге қатысты жанжалдар туатын. Мұны партияның жетекшісі Азат Перуашев ұйымдастырды. Таңертең “Азамат, ұлттық кеңес болады. Сені қарастырамыз” деді. Ұлттық кеңесте 40 адам қолдап дауыс берді, тек бір әйел ғана қарсы дауыс берді”, – деді экс-депутат.

Бағдарлама жүргізушісі бұл русофобия ма, жоқ әлде батыспен қарым-қатынасты үзуден туған қорқыныш па деп сұрады.

“Бұл партия бизнесмендердің, кәсікерлердің партиясы еді. Соңғы 3-4 жылда ұлтжандылардың партиясына айналды. Біз осындай сұрақтарға басшылықпен дауласатынбыз. Мен есі дұрыс адаммын. Қазақстанда Украинада, әлемде не боп жатқанын түсінетіндер көп. Сондықтан мен әрқашан ұлтшылдыққа қарсы болатынмын”, – деп жауап берді Әбілдаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →