×

Путин: Ресейдің стратегиялық ядролық күштері толық даярлық жағдайында тұр

Украинадағы соғысты «арнайы әскери операция» деп атады

Путин: Ресейдің стратегиялық ядролық күштері толық даярлық жағдайында тұр

Ресей президенті Владимир Путин елдің стратегиялық ядролық күштері толық даярлыққа келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Стратегиялық ядролық күштер қолдануына кепілдік беріліп, толық даярлық жағдайында тұр. Қаруландыру саласында біз жоспарлағанның бәрі, 2018 жылғы жолдауда айтқаным – бәрі орындалды немесе жұмыс аяқталуға жақын. Гипердыбысты авиациялық «Кинжал» кешені қаруландыруға енді ғана қойылып қана қоймай, арнайы әскери операция барысында дәлдікпен қолданылып та жатыр. Сонымен бірге, шайқаста соққылы гипердыбысты «Церкони» теңіз базасындағы зымыран да өзін көрсетті. 2018 жылы ол туралы айтылмайтын да еді. Бұл жүйе де қатарда», – деді Путин бүгін федералды жиын кезінде.

Украинадағы соғысты «арнайы әскери операция» деп атаған Путин оны аяқтау үшін «бәрін де жасаймыз, біздің азаматтардың егемендігі мен тәуелсіздігін қорғаймыз» деді.

Айта кетейік, осы жылдың 24 ақпанында Ресейдің Украинаға қарсы соғысына екі жыл болды. Екі жақтан он мыңдаған сарбаз қаза болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр
17.07.2025ж. 09:09

АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →