×

«Екі бастық та қамауда»: ҚМА өкілі «Қазарнаулыэкспорттағы» жемқорлық туралы айтты

Елемесов РМК басшылары жайлы айтты

«Екі бастық та қамауда»: ҚМА өкілі «Қазарнаулыэкспорттағы» жемқорлық туралы айтты
Фото: gov.kz / shutterstock

«Қазарнаулыэкспорт» РМК басшылары қайта-қайта ұсталып жатыр. Осыған қатысты Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Былтыр күзде «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов ұсталған. Бұл азаматқа қатысты  қылмыстық кодекстің 189-бабы (бюджет қаражатын жымқыру) бойынша іс қозғалды. Одан кейін жақында мекеме басшысының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов  та қамауға алынып, қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша қылмыстық іс ашылды»,  – дейді Жеңіс Елемесов. 

«Тергеу нұсқасы бойынша олар сыбайлас болған ба?» деген сұраққа Елемесов мемлекеттік сатып алу бағытында екеуінің сыбайлас болғанын растады. 

Айта кетейік, 46 жастағы Рамазанов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеріп, әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды сатып алу кезінде шамамен 1 миллиард теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен қамауға алынған. 

Оның орнына міндетін атқарушы Аршат Аяғанов келген болатын. Бірақ ол да ұзақ отырмады. 23 ақпанда брондалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →