×

Қайрат Сатыбалдыдан мемлекетке тағы 82,6 млрд теңге қайтарылды

Былтыр жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыс тіркелген

Қайрат Сатыбалдыдан мемлекетке тағы 82,6 млрд теңге қайтарылды
Фото: gov.kz

2024 жылдың ақпанында Қайрат Сатыбалдыдан бюджетке тағы да 82,6 миллиард теңге түсті. Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Президент қабылдауында болғанда мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қайрат Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпанда бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түскен. Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады», – делінген ақпаратта.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысына келсек, жемқорлыққа қатысты 1 692 қылмыс тіркеліп, 1 324 адам әшкереленген. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1 221 іс сотқа жіберілген.

2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,02 триллион теңге (2,2 млрд АҚШ долларынан астам) көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған.

«ӨКМ» операторы» ЖШС-ға қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 млрд теңгенің 2 зауыты мемлекет меншігіне өткен.

«СК «Фармация» ЖШС қызметін талдау жұмыстары аяқталған. Мұнда да медициналық препараттар мен жабдықтарды сатып алуға қатысты айтарлықтай жемқорлық тәуекелдері анықталған. Әлеуметтік маңызы бар проблемалы объектілердің құрылыс барысын қадағалау нәтижесінде бүкіл ел бойынша 32 ғимарат пен нысан салынған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында сомасы 2 миллиард теңгеден асатын тауарлар мен қызметтердің бағасын көтеру тәуекелдеріне жол берілмеген. 10 мыңға жуық азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
06.05.2024ж. 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →