×

«Мемлекетке жасалған үлкен қастандық»: Ринат Зайытов тағы да МӘМС жүйесін сынады

Ол жаңа жүйе ойлап табуды сұрады

«Мемлекетке жасалған үлкен қастандық»: Ринат Зайытов тағы да МӘМС жүйесін сынады
Telegram / Mazhilis_kz

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов МӘМС жүйесін тағы сынға алды. Ол, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жағдайды түсіндіріп айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«МӘМС – мемлекетке жасалған үлкен қастандық деп ойлаймын. Оның ішінде біріншісі – Президенттің сөзін бұрмалау. Президент жолдауында "міндетті" деген сөзді айтқан жоқ. Онда "ерікті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тәжірибеге енгізуді ұсынамын" деді. Біздікілер "шаш ал десе, бас алады". Ерікті дегенді міндетті қылып жібердік. МӘМС-ті қазір тоқтата алмасақ, мен сізге бір мысал айтып берейін. Аягөзде МӘМС-тің жоқтығынан адам қайтыс болған. Сондықтан жаппай халықты қабылдайтын жүйе ойлап табуларыңызды сұраймын», – деді Ринат Зайытов.

Ол халықтың жан басын қаржыландыру бойынша аудандардан, ауылдардан келген шағымдардың көбейіп кеткенін жеткізді.

«Мысалы, бір ауылда бір адамда диабет. Оған адам толмайды деп дәрі бермейтін көрінеді. Ол жағдайда не істеу керек? Басқа ауылдағы ауруларды сол ауылға көшіреміз бе? Ол жағы қалай болады? Айта-айта шаршаған мәселеміз – мүгедектікке шығару. Осыны бір жақты қылыңыздаршы, құдай үшін. Осыны айта-айта шаршадық. Қолы жоқ, аяғы жоқ адам неге 2-3 жыл келіп дәлелдеуі керек. Оның қолы-аяғы өсіп кетпейді ғой. Осыны түсіну қиын емес шығар. Аяқ-қолы жоқ адам неліктен 2-3 рет келіп өзінің мүгедек екенін дәлелдеу керек? Қолы мен аяғы өсіп кетпейді ғой», – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →