×

Тоқаев су тасқынына байланысты имидждік шаралардан бас тарту жөнінде тапсырма берді

Тағы екі имидждік шараның бюджеті қысқаратын болды

Тоқаев су тасқынына байланысты имидждік шаралардан бас тарту жөнінде тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады», – деді президент.

Айта кетейік, бұған дейін Астана халықаралық форумы, сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы мен мамырға жоспарланған Ұлттық өнімдер көрмесі өтпейтінін хабарлағамыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →