×

«Ақымақтық екенін көріп отырмыз»: Тоқаев тағы тіл мәселесі бойынша өз ұстанымын айтты

Бүгін Тоқаев жағдаймен танысу үшін су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына барған еді

«Ақымақтық екенін көріп отырмыз»: Тоқаев тағы тіл мәселесі бойынша өз ұстанымын айтты
Ақорда

Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуде Мемлекет басшысы тағы да тіл мәселесі бойынша өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Тілдер мәселесіне келер болсақ, сіздер менің ұстанымымды білесіздер. Мамандығыма байланысты мен көп тіл оқыдым, шетелде жұмыс істедім, бірақ қазір мәселе менде емес. Бізде Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Орыс тілі Конституцияға сәйкес мемлекеттік тілмен қатар қолданылады, ресми тіл функциясын орындайды. Сондықтан мұнда ешқандай қайшылық жоқ. Қалай ыңғайлы – солай сөйлеу керек. Қазір жастар мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді біледі. Бұл жақсы үрдіс. Тілдің айналасындағы дау-дамайды күшейтіп, сол үшін кейбір елдердегідей күресіп,  қазір соның салдарынан не көріп отыр? Мұның ақымақтық екенін көріп отырмыз. Сондықтан сабырлы, толерантты, ақылды болайық. Біздің халқымыз өте жақсы халық. Мен Қазақстан халқымен мақтанамын, біз әрқашан бірге боламыз деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тоқаев жағдаймен танысу үшін су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына барған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма
Өзбекстанда Ресей капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді
Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →