×

Армения Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындады

Бұл туралы мәлімдемені Елисей сарайының ресми сайты жариялады

Армения Әзербайжанның аумақтық тұтастығын мойындады
report.az

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Прагада Франция Президенті Эммануэль Макрон, Еуропалық Одақ Кеңесінің Президенті Шарль Мишель және Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Report ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы мәлімдеме Франция Республикасы президентінің әкімшілік резиденциясы Елисей сарайының ресми сайтында жарияланған.

“Армения мен Әзірбайжанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және 1991 жылғы Алматы Декларациясына адалдықтарын растап, оған сәйкес екі тарап бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайды. Тараптардың бұл шекараны делимитациялау жұмысына негіз болатын шекаралық комиссиялардың келесі отырысы қазан айының соңына дейін Брюссельде өтетінін растайды”, ‒ делінген Елисей сарайының жариялаған ресми мәлімдемесінде. 

Армения Әзербайжанмен шекараға Еуроодақтың азаматтық комиссиясын жіберуге келісім берген. Әзербайжан да осы комиссиямен ынтымақтастыққа келісіп отыр. Еуропа Одағының азаматтық комиссиясы өз жұмысын қазан айында бастап, 2 ай ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →