×

Елде азық-түлік қауіпсіздігінің негізі бұзылды ‒ сенатор Ақылбек Күрішбаев

Сорттық тұқымдардың 60%-ы, ауыл шаруашылығы дақылдарының 100%-ы Қазақстанға шетелден келеді

Елде азық-түлік қауіпсіздігінің негізі бұзылды ‒ сенатор Ақылбек Күрішбаев
senate.parlam.kz

Қазіргі уақытта сорттық тұқымдардың 60%-ы, ал бірқатар ауыл шаруашылығы дақылдарының 100%-ы Қазақстанға шетелден, көбінесе Ресей Федерациясынан әкелінеді. Осылайша, депутат елде азық-түлік қауіпсіздігінің негізі бұзылды деп санайды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Сенатының баспасөз қызметінің мақаласына сілтеме жасап.

Отандық ауылшаруашылығы өнімдері бағасының жоғары болуы делдалдардың көптігінен ғана емес, сонымен бірге өнімдердің өзіндік құнының жоғары болуына да байланысты. Табиғи-климаттық жағдайлары бірдей елдерге қарағанда Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі әлдеқайда төмен. Сенатор өнімділігі жоғары және құрғақшылыққа төзімді сорттар мен будандардың еліміздегі жетіспеушілігі ‒ оның басты себебі деп санайды.

“Санкциялық текетірестің қазіргі жағдайында біздің әріптестеріміз сұрыптық тұқым экспортын тоқтататын болса, онда Қазақстанның ауыл шаруашылығы сапалы тұқым материалынсыз қалуы мүмкін” деді сенатор.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өткен кездесу барысында отандық және шетелдік жетекші ғалымдар елімізде селекция мен тұқым шаруашылығын жедел дамыту үшін қандай шаралар қолдану керектігін талқылады.

“Отандық тұқым шаруашылығында қалыптасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы – қазіргі заманғы селекциялық орталық құру болып отыр. Жоғары өнімді және құрғақшылыққа төзімді, жергілікті ауа-райына бейімделген өзіміздің сорттарымен біз ауылшаруашылығы өндірісіндегі тұрақтылық пен өнімділікті арттыруда айтарлықтай серпіліс жасай аламыз. Отандық ғалымдар шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, Үкімет тарапынан тиісті мемлекеттік қолдауды талап ететін селекциялық орталықтар құру бағдарламасын әзірлеуге дайын” деп атап өтті Ақылбек Күрішбаев.

Сарапшылар шетелдік үздік селекциялық жаңалықтарды трансферттеу және бейімдеуге байланысты  еліміздің солтүстігінде – Бараев атындағы астық шаруашылығының ҒӨО базасында және оңтүстігінде – Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында қазіргі заманғы және молекулярлық биология әдістері негізінде отандық сорттар мен будан шығаратын екі селекциялық орталықты жедел түрде құруды ұсынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Кеше, 15:58

Тоқаев Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

"Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі", - деді Мемлекет басшысы
Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек
Мас күйінде көлік жүргізетіндерді жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →