×

Сенатор ШЫҰ саммитіне қатысты пікір білдірді

Бүгін Астанада ШЫҰ саммиті өтті

Сенатор ШЫҰ саммитіне қатысты пікір білдірді
Фото: Ақорда

Сенат депутаты Ольга Булавкина Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу, төмен көміртекті экономиканы қолдау, энергетикалық жүйені терең декарбонизациялау, инновациялық бағдарламаларды әзірлеу - бұл негізгі бағыттар декарбонизацияның жаһандық күн тәртібіне мемлекеттік деңгейде жауап болып табылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзінде әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялаудың шешуші бағытын жалғастыруы керек деп мәлімдеді», - дейді депутат.

Сенатордың айтуынша, экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық ерекше өзектілікке ие.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықтың өзектілігі арта түскеніне тоқталды.

«Біз түрлі табиғи катаклизмдердің айтарлықтай көбейгеніне куә болдық. Әлемдегі барша мемлекет бұдан орасан зор зардап шегіп отыр. Жуырда Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді. Мамандардың пікірінше, бұл табиғат апатының ауқымы жаһандық жылыну процесімен тікелей байланысты. Климаттың сын-қатерлерін жалғыз еңсеру мүмкін емес екені анық. Әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялау жөніндегі батыл қадамын жалғастыруға тиіс деп санаймын. Бірақ бұл мемлекеттердің дамуға және жаңғыруға бағытталған маңызды міндеттеріне зиянын тигізбеуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ішкі су көздерінің деградацияға ұшырау проблемасын шешу, жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бұл бағыттағы ортақ күш-жігері БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Мұздықтарды сақтаудың халықаралық жылы аясындағы мақсаттарды жүзеге асыруға ШЫҰ-ның қосқан нақты үлесі болмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →