×

Маңғыстаулықтар тіке айтады, арқаға буынсыз жерден пышақ салмайды – Нұрдәулет Қилыбай

Нұрдәулет Қилыбай биыл мамырда Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған

Маңғыстаулықтар тіке айтады, арқаға буынсыз жерден пышақ салмайды – Нұрдәулет Қилыбай
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының таяуда жаңадан тағайындалған әкімі Нұрдәулет Қилыбай өзі басқарып отырған өңірдің халқы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Massaget.kz порталына сұхбат берген әкім «Маңғыстау халқы туралы не айта аласыз?» деген сұраққа былай жауап берді.

«Кей кезде жақсы жағынан көрінеміз, кейде шулап кететініміз бар. Кейде шыдамымыз өте төмен болып кететін жері бар. Өзімнің халқымды жақсы көремін. Бұл жерде ата-бабам жатыр, әкем, өзім осында дүниеге келгенбіз. Қарға баласын аппағым дей ме?! Мен де кім не десе, о десін маңғыстаулықтарымды әлдеқандай қыламын. Иә, бетке тіке айтып тастайтын жері бар шығар. Бірақ ешкімнің арқасына буынсыз жерден пышақ салмайды. Мүмкін Жаңаөзенді меңзеп отырған шығарсыз. Ол да ойыңызда бар шығар», - дейді әкім.

Нұрдәулет Қилыбай кейде халық айтса айтатындай барын атап өтеді. 

«Жаңаөзенде қанша мұнайдың үстінде отырған жер болса да жастарды, балаларды апаратын дамыту орталықтары жоқ. Өкінішті ме? Өкінішті. Айтып отырғандарының жаны бар ма? Жаны бар. ҚазМұнайГаз қыркүйекте жыр болып келген балаларды дамыту орталығын салайын деп жатыр. Ол да халықты марқайтып тастайды. Спорт кешендері де жоқ. Халыққа жағдай жасасақ, бәрін түсінеді, бәріне шыдайды. Халықпен ашық сөйлесу керек, бұрынғыдай "иә, бұйырса" деп бірнәрсеге сүйеніп отырып сөйлейтін заман кетті. Қазір халық сауатты, әлеуметтік желі бар, заңды оқиды, Үкіметтің қаулыларын жақсы біледі. Мен бұлдамаймын да, міндетсінбеймін де, бірақ өткен жолы қазақ даласына қасірет келіп, су басып кеткен кезде ең алғаш болып біздің Маңғыстаудың жігіттері ұйымдасып, бір түн ішінде Құлсарыға шығып кетті. Құлсарыдан әрі қарай Атырауға өтіп кетті. Міне, сондай біздің халық. Жақсы дейсіздер ме, жаман дейсіздер ме, оны білмеймін», - дейді ол.

Қилыбай биыл мамырда Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған. Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында дүниеге келген. Ақтау қаласының әкімі болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →