×

«Жетінші рет жүктімін». Жұлдыз Әбдукәрімова жан сырын ақтарды

«Жетінші рет жүктімін». Жұлдыз Әбдукәрімова жан сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова желіде жүктілігіне қатысты бөліскен видеосына түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Менің жетінші жүктілігім. Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процесін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, ол кезде сезбеу – заңдылық. Өйткені, бір басыма біраз дүние үйір болған еді. Оған халық куә болды. Одан кейін көпшілік білмейтін жеке мәселем бар. Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей. Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы дер кезінде өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы бір түйір періштем барлық мәселені шешіп жіберді десем, асылық айтқаным емес. Өйткені мен күтпеген, таңғажайып дүниелер орындалды. Құдды бір кино сияқты. Дәл сол сәтте мен ештеңе сезген жоқпын. Бұл жаратушының маған берген үлкен сыйы. Бергенінен берері мол дегенді енді ғана түсіндім, - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас екеуінің  Алау, Сезім деген қыздары және Нарұл мен Хан атты ұлдары бар. Ел арасында ажырасып кетті дейтін пікір жиі айтылады. Жұлдыз қазір Астанада, Қайрат Нұртас Алматыда тұрады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде көрсетпек
Кеше, 10:07

Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде көрсетпек

Тұңғышы Әділет Әдия есімді бойжеткенмен шаңырақ көтереді. 
Медиа маманы бұрынғы әйелін өзіне жала жауып, ел алдында қаралағысы келді деп айып таққан.
Айсәуле Бақытбек болған жағдайға қарамастан әкесін жақсы көретінін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →