×

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын онлайн көру үшін 1380 теңге төлеу керек

Көпшілік әншінің әрекетін сынап жатыр

Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын онлайн көру үшін 1380 теңге төлеу керек
instagram.com/saken_maigaziyev

Танымал әнші, «МузАрт» тобының солисі Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көруге тіркелу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркелу басталды, - делінген Instagram-дағы жазбада.

Дегенмен тіркелгісі келген оқырман қауым оның ақылы екенін түсінген. Тойдың онлайн трансляциясын көру құны әр адамға 1380 теңгеден екен.

Желідегілер әншінің бұл әрекетін сынап жатыр. 

«Масқара, Сәкен Майғазиев бұлай жасайды деп ойламаппын», «сендер арқылы ақша таппақшы, шығынды жабу керек», «сорлылар-ау», «сөз жоқ», «ойбай, тоймай жатыр ғой, жеке бас қуаныштарын да жарнамалап сату керек», - деген пікірлер жазды көпшілік.

Айта кетсек, жақында әншінің ұлы Әділет Әдия есімді бойжеткенмен шаңырақ көтеріп, Майғазиевтер әулетінде беташар өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
29.04.2026ж. 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →