×

Баян Алагөзова күйеуіне жыл сайын 100 қызметкерге пәтер сыйлауды ұсынған

Ол күйеуіне "бұл – сенің минимумың" деп айтқан

Баян Алагөзова күйеуіне жыл сайын 100 қызметкерге пәтер сыйлауды ұсынған
әлеуметтік желіден

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова жұбайы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке өз компаниясының қызметкерлерін жыл сайын 100 пәтермен қамтамасыз ету идеясын айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ол Асель Қожақованың YouTube-тағы «Умные люди» жобасына берген сұхбатында айтты.

Алагөзованың айтуынша, Galanz Bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттарын табыстар алдында жұбайының пікірін сұраған.

“Мен оған: “Бұл – сенің минимумың. Мұндай игі істі жыл сайын дәстүрге айналдыру керек”, – дедім. 20 жылдан астам уақыт бойы сенің қасыңда еңбек етіп келе жатқан адамдар осы сыйлыққа әбден лайық. Егер Алла саған осындай мүмкіндік берсе, оны өзгелермен бөлісуің керек”, – деді продюсер.

Баян Алагөзова күйеуінің бұл әрекетіне риза екенін жеткізіп, оның жомарттығын жоғары бағалады.

“Мен Тұрсынғалиды адам және ер азамат ретінде ерекше құрметтеймін. Оның осындай шешімі менің де өмірлік көзқарасыммен үндес. Біз екеуміз көп адамға көмектесеміз, мұндай ізгі істер бізге рухани қуат береді”, – деді ол.

Сондай-ақ Баян Алагөзова сұхбат барысында қайырымдылықпен не себепті айналысатынын айтып өтті.

“Мен көмекті жүректен жасаймын. Мысалы, айына 120 мың теңге табатын, кешкісін еден жуып, хосписте қосымша жұмыс істейтін 19 жастағы қыз бар. Ол ешкімнен көмек сұрамайды, өмірге шағым айтпайды. Осындай еңбекқор, намысты адамдарды қолдағым келеді”, – деді продюсер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →