×

«Жүрегім тыныштық тапты»: Ерке Есмахан күйеуге шыққаннан кейін өзгеріс туралы айтты

Әнші босанғаннан кейін салмақ қосқанын жасырмады

«Жүрегім тыныштық тапты»: Ерке Есмахан күйеуге шыққаннан кейін өзгеріс туралы айтты
instagram.com / erke_esmahan

Танымал эстрада жұлдызы Ерке Есмахан өмірге екінші сәбиін әкелген соң, қайтадан сахнаға оралды. Ол Ақтөбедегі кешінде  тұрмысқа шыққаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бәрін өзім істеймін. Бәрі өз қолымнан келеді, ақша табамын, көп жұмыс істеймін, көлікті де өзім жөндетемін. Бәріне өзім жүгіріп жүретінмін. «Күйеуге шықпаймын, маған  ол не керек» деп жүрген едім. Ұлым Мүслім бар. Енді өз рахатым үшін өмір сүремін дегенмін ғой. Шыныменде уақыт өте келе тұрмысқа шыққаннан кейін жүрегім тыныштық тауып, үйде әйел бола бастадым. Ерке Есмахан екенімді ұмытып, кішкене салмақ қосып, бақытты әйел болдым. Аяғым ауыр кезде үйде отырып Аллаға шүкіршілік айтамын. Әйел адамның табиғаты осы екен. Қасымызда арқа сүйер ер азаматымыз болса болғаны», – дейді Ерке Есмахан.

Сонымен қатар әнші босанғаннан кейін салмақ қосқанын жасырмады. Оны «күйеуімнің шексіз қамқорлығының арқасы» деп түсіндірді. 

«Қыздар, толық мүсінімді қабылдауға рұқсат беріңіздер. Өзіме ұнаймын. Күйеуіме ұнаймын. Менің толысып жүргенім сол кісінің арқасы. Басқа дым керек емес. Рианна екеуміз босанған кейін өмірге ризамыз», – деді әнші.

Желі қолданушылары да өз ойларын жазған.

«Бұл сөздердің бәрін Ерке шынымен де бақытты болғандықтан айтып жатыр», «Сондай жігіт кездеспей жатыр», «Коучтар ажырас дейтін, сен керсінші күйеуге шық дейтін коуч бол», «Бәрі дұрыс», «Жүрекке тыныштық керек», «Сөз табады», – делінген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
09.10.2025ж. 13:03

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.
Заңгер журналист пен белгілі актрисаның экс-күйеуінің үстінен арыз түсірген
Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →