×

Димаштың саунд-продюсері қазақы поп-әлемінің эталонын  атады

Қазақы поп-әлемінің эталоны кім?

Димаштың саунд-продюсері қазақы поп-әлемінің эталонын  атады
Фото: ТАСС

Димаш әндерінің тұрақты өңдеушісі, саунд-продюсер Ерлан Бекшурин қазақстандық эстрада жұлдызы Дастан Оразбековті қазақы поп-әлемінің эталоны екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дастан Оразбеков пен Гүлнәр Силбаева жұбы Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Егіз лебіз» музыкалық жобасында 2019 жылдың үздік әні, бірнеше номинацияларға ие болған «Shallow» әнін орындаған еді.

Бір кездегі Леди Гага мен Брэдди Купердің орындауымен танымал болған әнді қазақстандық орындаушылар да сәтті жеткізе білді. Жобаға қазылық еткен Димаш әндерінің тұрақты өңдеушісі, саунд-продюсер Ерлан Бекшурин қызды-қыздымен жұлдызды дуэтті мақтап жіберді.

«Қазақы поп-әлемінің эталоны кім десе, Дастан ағамыз деп айтар едім. Себебі, Дастан ағамыздың сахна сыртында жалпы қалай дайындатынын білемін. Ешқашан бір салғырт қарап, дайындықсыз шыққанын көрмеппім. Себебі, бұл кісі нағыз әртіс, орындаушы. Әзіл әлемінің эталоны кім десе, әрине Гүлнәрді айтар едім», - дейді Ерлан Бекшурин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →