×

Министр Балаева Қыдырәлі Болмановты туған күнімен үйіне құттықтап барды

Әншінің жары Қарақат Әбілдина өз кезегінде министрге алғысын айтты

Министр Балаева Қыдырәлі Болмановты туған күнімен үйіне құттықтап барды
Видеодан скриншоттар

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановты туған күнімен үйіне құттықтап барып, президенттің құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қыдеке туған күніңізбен! Мен арнайы президенттің құттықтау хатын алып келіп отырмын. Ол кісі арнайы мәдениетті дамытуға қосқан үлесіңізді бағалай отырып, ыстық лебізін жолдады», - деді Аида Балаева.

Президенттің құттықтау хатында әншінің мерейтойы деп жазылған. Кейбір деректерде әншінің туған жылы 1964 жылы 19 мамыр деп жазылған. Әнші өз сұхбаттарында 1966 жылы 19  мамырда туғанын айтып жүреді. Мемлекет басшысының құттықтауына назар аударсақ, продюсер 60 жасқа толған.

«Құрметті Қыдырәлі Нұртайұлы! Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын! Өзіңіздің халыққа танымал мәдениет қайраткері екеніңізді замандастарыңыз жақсы біледі. Өнер әлемінде биік белестерді бағындырып, отандық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, еліміздің мерейін асыра түстіңіз. Бірнеше музыкалық топтың негізін қалап, шебер ұйымдастырушылық қабілетіңізді таныта білдіңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен бақ береке тілеймін!», – делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында.

Әншінің жары Қарақат Әбілдина өз кезегінде министрге алғысын айтты.

«Аида ханымның бұл әрекет әріптесінің тұлғалық қасиетін, дара болмысын, жаңашыл ұйымдастырушылығын, өнерге адалдығын әділ бағалағаны деп түсінеміз. Ілияс Жансүгіровтың “Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? ” дейтініндей, ел жүрек, ер жүрек өнер адамын, талантты азаматын сыйлаған үкіметімізге, Мемлекет басшысына отбасымыздың атынан айрықша алғыс айтамыз. Еңбектеріңізге зор абырой тілеп, әр бастамаларыңыздың рухани қолдаушысы болудан аянбайтынымызды да жеткіземіз!», – деп жазды әнші.

Қыдырәлі Болманов халыққа АБК тобы арқылы танымал болған. Кейіннен өзі «Ұлытау» тобын құрып, халықаралық байқауларда оза шапты. Болманов – Астана және Алматы қалаларының мәдениет басқармасын басқарды. Бірнеше жыл мемлекеттік қызметте де жүрді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →