×

Қазақстандық әнші қамауға алынды

Сот отырысында ол кінәсін толық мойындады

Қазақстандық әнші қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желіден

Отандық әнші, актриса Фарема Қазақпаева әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, әнші 6 мамырда Instagram желісіндегі ұятсыз, боғауыз сөздер айтқан видеосын жариялаған. Осылайша, ол айналасындағыларды құрметтемей, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Сот YouTube видео хостингінде Қазақбаева әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде тараған», - делінген сот хабарламасында. 

Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растаған. 

«Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - делінген хабарламада. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
29.04.2026ж. 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →