Димаш XXI ғасырдың феномені
Жақында Стамбұлдағы 40 мың адамдық «Бешикташ» стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өткен болатын. Оған әлемнің бірнеше елінен тыңдарманы келді. Кеш барысында 30 жасқа толған жүректі шымырылатын әндері көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті, кейбір жанкүйерлерінің реакциясы камераға ілікті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
24 мамырда Стамбұлдағы «Бешикташ» стадионында Димаштың Stranger деп аталатын үлкен концерті өткен болатын. Бұл кешке әлемнің 41 елінен тыңдармандары, жанкүйерлері келді. Әлеуметтік желіде отандасымыздың жүректі шымырлататын әндерін орындағанда ерекше сүйсініп, тыңдап тұрған шетелдік жанкүйерінің реакциясы ерекше тамсантты.
«Реакция теңдессіз. Өйткені өзім де Димаштың концертінде болғаным үшін сенемін», «Еуропалықтар Димаштың әнін ерекше сезінеді», «Мен көз жасыма ерік бердім», «Димаш XXI ғасырдың феномені», «Сол жерден көрсең, тіпті космос», «Видеодағы жігіт әбден тамсанған екен», «Димашты осы жігіт сияқты тыңдау керек», «Алла тіл көзден сақтасын», - деген секілді тек жүрекжарды тілектер айтылған.
Айта кетейік, концертте Димаш өзінің бұрыннан белгілі хит әндерімен қатар жаңа туындыларды да шырқады. Әсіресе, көрермендер түркиялық белгілі әнші Халюк Левентпен бірге орындаған түрік тіліндегі әнді ерекше қабылдады.