×

«Ханның қызы»: Сандуғаш Тұрлыбековаға қатысты сот шешімі шықты

Кейін оның балалары видеоүндеу жариялап, Президенттен көмек сұраған. 

«Ханның қызы»: Сандуғаш Тұрлыбековаға қатысты сот шешімі шықты
Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбековаға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бопсалау фактілері бойынша айыпты деп танылып, сот  4,8 жылға бас бостандығын шектеді. Жаза мерзімі аяқталғанша әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды.

Биыл көктемде Гүлшара Әбдіхалықоваға «ханның қызы» деп ат қойған белсенді, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстағанын жазған едік. Кейін оның балалары видеоүндеу жариялап, Президенттен көмек сұраған болатын.

28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының полиция департаментіне облыстың екі тұрғыны жүгінді. Олар осы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арызданған. Тұрлыбекова бопсалау арқылы ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр, - деген болатын сол кезде Жаңақорған аудандық полиция басқармасы.

Айта кетейік, Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылдың 16 шілдесінде Жаңақорған кентінің ауруханаларын аралап жүрген Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып, «Ханның қызысыз ба?» деп төтесінен сауал қойып, жол жабылудың себебін сұрап, түсірген видеосын әлеуметтік желіде жарияланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →