×

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында тазалық акциялары жалғасуда

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында тазалық акциялары жалғасуда
Фото: gov.kz

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы басталған уақыттан бері тазалық акцияларына,  тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін вандализм іздерінен тазарту іс-шараларына жалпы саны 251 мыңнан астам адам атсалысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы облыс тұрғындары белсене қатысты.

Бүгін, 29 қарашада облыс жастары Талдықорған қаласының Өтенай ауылында «ЭКОквест» экологиялық квест ойынын ұйымдастырды. Шараға белсенді жастар, Талдықорған қаласының кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, ауыл тұрғындары жалпы 100 адам қатысты. Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерге қоршаған орта мен табиғат тазалығының қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, оған өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Бұл шараға эко-белсенділер мен ауыл тұрғындарынан құралған 15 команда қатысты. 5 локация бойынша өткен ойын Өтенай ауылының орталық аллеясының аумағын қоқыстан тазалаумен қатар, жастарды шапшаңдық пен ұтқырлыққа тәрбиелейді. Қатысушы командалар белгіленген орынды тазалап, ең көп қоқыс шығарудан бәсекеге түсіп, сонымен қатар ойын барысында танымдық сұрақтарға жауап беріп, түрлі кедергілерден өтеді. Викториналық сұрақтар Жетісу өңірінің тарихы, табиғи маңызды орындары мен киелі жерлері туралы қойылды.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Тимур Губашев: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы кең ауқымды республикалық деңгейге ие болғанын атап өткім келеді. Біз бұл әрекетті көшедегі тазалықты сақтау ретінде ғана емес, сонымен қатар өзімізді таза ұстау ретінде қабылдауымыз керек. «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі идеясы – барлық қазақстандықтар қолдауы тиіс жаңа экологиялық және қоғамдық этиканы қалыптастыру», - деп атап өтті.

«Қазақстан студенттер альянсы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Имандос: «Сәуір айынан бастау алған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс жастарының ұйымдастыруымен 500 аса шара өтті. Жастардың бойына игі істерді дарыту барысында олардың қызығушылықтарын ескеріп, біз тазалық жұмыстарының пайдалы әрі қызықты бола алатынын көрсеткіміз келеді. Жастардың жаңа ортасы тазалыққа жақын болса, келесіде осы қатысушы өзінің тағы бір досын ертіп келеді. Сөйтіп, тазалыққа жақын, туған жерін аялайтын нағыз жанашыр жастарды қалыптастыра аламыз. Осы тұста «Таза Қазақстан» бағдарламасының қоғамға берері зор екенін айтқым келеді», - деді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12 822 тонна қоқыс шығарылды. 193 саябақ пен скверді, 721 тарихи-мәдени ескерткіштерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында облыс аумағында 56 мыңнан астам түп көшет отырғызылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
Кейін оның балалары видеоүндеу жариялап, Президенттен көмек сұраған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →