Қант диабеті негізгі екі түрге бөлінед
Түркістан облысына қарасты, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында 14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай семинар өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шара барысында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінде қант диабетінің алдын алу мақсатында қаралуға келген науқастарға Эндокринолог маманы түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, парақшалар таратылды. Негізінен қант диабеті - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Қазіргі таңда Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артуда. Қант дибетін ерте анықтау оның асқынуларының алдын алып, науқастың өмір суру сапасын жақсартатыны ерекше маңызды.
Қант диабеті артық салмақ, дене белсенділігінің аз болуы және дұрыс тамақтанбау сияқты факторлар салдарынан пайда болады. Қант диабеті – ағзадағы инсулин гормонының жеткіліксіздігі немесе оның тиімді жұмыс істемеуі нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейінің тұрақты түрде жоғарылауымен байланысты созылмалы ауру. Бұл аурудың ағзадағы зат алмасу процестерін бұзатыны соншалық, нәтижесінде дененің көптеген бөлігі, соның ішінде жүрек, қан тамырлары, бүйрек, жүйке жүйесі және көз зардап шегеді.
Қант диабеті негізгі екі түрге бөлінеді. 1-типті қант диабетімен ауыратын адамдардың ағзасы инсулинді өндіре алмайды. Қант диабетінің бұл түрі көбіне ересектерде, тіпті балалар мен жасөспірімдерде де кездеседі. 1-типті қант диабеті инсулинді күнделікті инъекция арқылы енгізуді қажет етеді, себебі ағза өздігінен инсулин шығара алмайды. Ал, 2-типті диабет кезінде ағза инсулинді шығара алады, бірақ жасушалар инсулинге дұрыс жауап бермейді. Бұл диабеттің кең таралған түрі және ол көбіне ересектер мен артық салмағы бар адамдарда кездеседі.