×

Түркістандағы №1 облыстық перинаталды орталығында жыл басынан бері 5 мыңнан астам сәби дүниеге келген

№1 облыстық перинаталды орталығында жыл басынан бері 5505 сәби дүниеге келген

Түркістандағы №1 облыстық перинаталды орталығында жыл басынан бері 5 мыңнан астам сәби дүниеге келген

Түркістан облысындағы перинаталды орталықта "Шала туылған нәрестелер күніне" арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты шараға дәл осы мекемеде мерзіміне жетпей туылып, тәжірибелі дәрігерлер жүргізген сапалы емнің арқасында бүгінде ата-анасының көз қуанышына айналған сәбилер қонаққа келді. Балғын балапандардың құрметіне ұйымдастырылған жиынға арнайы келген аналар, сәби сүю бақытын сезіндірген дәрігерлерге ерекше алғыс білдірді. Шара барысында келген бүлдіршіндерді орталықтын бейінді мамандары тексеруден өткізді. Шала туылған нәрестелерді №1 Облыстық перинаталды орталығының басшысы Салтанат Жабағиева құттықтап, әрбір сәбидін өмірі мен денсауылығы өте маңызды екенін айтып, шала туылған балалар ерекше күтімді қажет ететінін, оларға арнайы медициналық көмек пен ұзақ мерзімді күтім қажет болуы екендігін айтты. 

Сонымен қатар, шарада аналарға ерте босанудың алдын алудың маңыздылығы айтылып, әрбір организм жеке, сондықтан босану сәл ертерек және сәл кейінірек болуы мүмкіндігі айтылды. Толық мерзімді нәресте 37 аптадан ерте емес және 42-ден кешіктірмей туылған деп саналады. Бірақ көбінесе 39-40 аптада туылады. Балалардың 70%-дан астамыосы кезең ішінде пайда болады. Бұдан бөлек, орталыққа әрбір келген ана мен туылған балаға сапалы медициналық көмек көрсету үшін, соңғы үлгідегі заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, емдеу шаралары, күтіп-баптау жұмыстары сапалы түрде жүргізілетінін айтып өтті. 

Айта кетейік, №1 облыстық перинаталды орталығында жыл басынан бері 5505 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей дүние есігін ашқан 1153 нәресте. Перинаталды орталықта он ай ішінде 118 егіз және 4 үшем туылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →