×

"Ақшаны Қытай береді". Мақсат Толықбай алматылықтар үшін қуанышты жаңалық айтты

"Ақшаны Қытай береді". Мақсат Толықбай алматылықтар үшін қуанышты жаңалық айтты
Фото: parlam.kz

Алматыда «Барлық» базарына дейін және әуежайға қарай жаңа метро желілері салынады деген ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, ұсыныс қабылданған. Енді жоба сметасы реттеліп, құны есептеледі.

Алматының мәселесіне тоқталсақ, расында Алматы халқы үшін жағымды жаңалық болмақ. Көлік кептелісі бар, тұрғындардың саны көп. Кез келген дамыған мемлекетте метро әуежайдан басталады. Біздегідей емес. Осы мәселені біраздан бері көтеріп жүрміз. Әріптесім Сергей Пономораевпен бірге айтқан ұсынымыз қабылданды. Енді алдағы төрт жылда Алматының жерасты метросы әуежайға дейін жететін болды. Әуежайдың ішінен жер бөліп беретін болды, - дейді Мақсат Толықбай.

Метроның екінші бағыты «Алтын орда» базарына дейін созылады екен.

Іргеде тұрған Қарасай ауданының өзіңде 600 мыңдай халық бар. Әр жағында Жамбыл ауданы тұр. Сондықтан халық үшін тиімді жоба болмақ. Қытай компаниясы салады. Төрт жылда аяқтаймыз деп уәде етті. Ақшаны да қытайлық банк бөледі. Қазақстанға 0,5 пайызбен беріп отыр. Өз-өзін ақтайтын жоба деп есептеуге болады, - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →