Air Astana әуе компаниясында 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Kozachkow Telegram арнасында жарияланды.
Бұл көрсеткіш соңғы 3 жылда жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған. Зерттеу жұмыстарын "Эрнст энд Янг" ЖШС мамандары жүргізді. Олардың айтуынша, жекелеген тұлғалар авиабилеттерді брондау ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізіп, сеніп тапсырылған мүлікті жымқырған. Қылмыстық кодекстің “Аса ірі көлемдегі ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Анықталғандай 1 миллиард 54 миллион 710 мың теңге қолды болған, – делінген ақпаратта.
FlyArystan әуе компаниясының басшылығы қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінгенін мәлімдеді.
Компания тоғыз айдағы қаржы есебін қайта түгендеп, осы факт назарда болатынын жария етті. Бұдан басқа егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған жоқ.
Тергеу мүддесі үшін қосымша егжей-тегжейлі дерек жария етiлмейдi. FlyArystan өз қызметінде алаяқтық пен заңсыздыққа мүлдем төзбейді, – деп түйіндеді хабарламасын.
Азаматтық авиация комитеті жазғы уақытта осы компанияға тексеріс жүргізді. Сол уақытта оның негізін қалаған Air Astana-ға да комиссия шүйлікті.
Жыл басында лоукостер Air Astana компаниясынан бөлініп шыққан. Сәуір айында оның заңды тұлға екенін растайтын сертификат берілді.
Биыл рейстердің кешіккені және басқа да техникалық ақаудың болғаны үшін екі компания да жиі сынға ұшырады