×

“Халықты адастыру қаупін арттырады“: Балаева басқаратын министрлік жалған ақпаратпен қалай күресіп жатыр

Өз сөзінде министр этносаралық  және конфессияаралық қатынастарға да тоқталды

“Халықты адастыру қаупін арттырады“: Балаева басқаратын министрлік жалған ақпаратпен қалай күресіп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кеңейтілген алқа отырысында медиа кеңістіктегі жалған ақпарат мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

2024 жылы онлайн платформаларда заңсыз контентті орналастырудың 67 000-нан астам фактісі анықталғанын, олардың 18 000-нан астам  материалы жойылғанын айтты.

Жалған ақпарат пен фейк жаңалықтардың таралу қоғамда өзекті мәселеге айналды. Фейк жаңалықтар әсіресе төтенше жағдайлар, қоғамдық оқиғалар кезінде халықты адастыру қаупін арттырады, – деді министр.


Аида Балаева әріптестерді жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контент таратпауға шақырды.

Ақпараттық сауатсыздық фейк жаңалықтардың таралуына жол ашады. Сондықтан дұрыс ақпаратты талдай білу дағдысы демократиялық қоғам құрудың маңызды элементі саналады. Жас ұрпақ жалған ақпараттың жетегінде кетпеуі үшін оларды медиа сауаттылыққа мектеп кезінен бастап тәрбиелеуіміз керек, – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ ол журналистерге арналғанфактчекинг, аналитикалық журналистика, цифрлыққауіпсіздік бойынша тренингтер өткізу де маңызды екенін айтты.

Өз сөзінде министр этносаралық  және конфессияаралық қатынастарға да тоқталды. Қазіргі кезде елімізде 18 конфессияны білдіретін 4 мыңға жуық тіркелген діни бірлестік бар. Аида Балаева ізгілік пен рухани құндылықтарды насихаттауда дін саласының орыны ерекше екенін айтты. 

Бұл мәселеде заң мен тәртіп қағидасы қатаң орнауға тиіс. Сонда ғана біз бірлік пен тұрақтылықты сақтап, мемлекетімізді нығайта аламыз. Ел ішінде алауыздық туғызып, діни, этносаралық араздықты қоздыру мәселелерін болдырмау үшін жауапкершілікті күшейтуіміз керек,- деп атап өтті министр.

Айта кетейік, өткен жылы ұлтаралық араздықтыжәне сепаратизмді қоздыруға ықпал ететін материалдар  бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 413 факті анықталды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →