×

Намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма

ҚМДБ өкілі жауап берді

Намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма
islam.ru

Намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма? Бұл сұраққа ҚМДБ Пәтуа және шариғат бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тағы оқыңыз: Ораза – 2023: Рамазан айында жасалуы тиіс бес амал

Ораза ұстайтын адам бәлиғат жасқа жеткен, ақыл-есі дұрыс, мұсылман адам болуы керек. Оразаның шарттарын қарайтын болсақ, адамның намаз оқуы  керек деген шарт таппаймыз. Ораза, намаз ислам дінінің негізгі тірегі болып саналады. Әлбетте намаз оқымаған адам “намаз оқымағаны үшін” күнә алады. Дегенмен де ораза ұстайтын болса, ораза парыз болғандықтан, оның мойнынан түседі. Қияметте сұралмайды. Бұл – Алла Тағалаға жақындататын жеке дара құлшылық. Намаз оқымаған адамның оразасы қабыл болмайды деген сөз негізсіз. Ешқандай дәлелі жоқ, – деді Медет Құрмашұлы. 

Ауызашар уақыты: Ораза кестесі 2023  

Сәресі мен ауызашар дұғасын білесіз бе?

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →