×

Бензин мен дизельдің қымбаттауы бойынша Үкіметпен дискуссия жүргізіп жатырмыз – депутат

Оның айтуынша, осал таптардың жағдайын төмендетпеу керек

Бензин мен дизельдің қымбаттауы бойынша Үкіметпен дискуссия жүргізіп жатырмыз – депутат
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Qaz365.kz тілшісіне елдегі қымбатшылықты қалай реттеуге болатынын айтып берді.

“Бұл жердегі ең негізгі мәселе – ауыл шаруашылығын әртараптандыру керек. Кейбір саяси жағдайдағы және болашақтағы Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі – ауыл кластерін дамыту. Вице-премьер Алтай Көлгінов мырза депутаттармен кездесуде ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл-аманаты» бағдарламасы іске асып жатқанын айтты. Менде өз кезегімде Үкімет басшысының орынбасарына бұл бағдарламадан бөлек, жаңа тың идеялар керектігін жеткіздім”, - дейді Ерлан Саиров.

Ол осы ретте кешегі жанар-жағармайдың қымбаттауына да тоқталып өтті.

“Қазіргі кезде бұл мәселе бойынша, Үкіметпен дискуссия жүргізіп жатырмыз.  Ең бастысы, халқымыздың осал топтарының жағдайын төмендетуге болмайды. Яғни, мұндай қымбаттату секілді қадамдарға баратын болсақ, көпбалалы аналар, зейнеткерлерге көмектесу жағдайын ойластыруымыз қажет. Бұл мәселелер бойынша да Үкіметпен талқылау болады”, - деді депутат.

Бұған дейін Ерлан Саиров ауылда азық-түлікті қарызға алатындар саны күннен-күнге көбейіп келетінін айтқан.

Айта кетейік, елімізде 12 сәуірден бастап, бензин мен дизель отыны 20 пайызға қымбаттайды. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 205 теңгеге дейін, ал дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін өседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →