×

Мәжілістегі депутаттарға қарасам, жүрегім ауырады - Надежда Шушаникова

Мәслихат депутаты «келесі сессияны мемлекеттік тілде өткізейік» деп көпшілікті елең еткізген болатын

Мәжілістегі депутаттарға қарасам, жүрегім ауырады - Надежда Шушаникова
Qaz365.kz

Өскеменде мәслихат депутаты Надежда Шушаникова «келесі сессияны мемлекеттік тілде өткізейік» деп көпшілікті елең еткізген болатын. Елдің елең еткені, қазақ тіліне өзге  ұлт өкілінің жанашырлық танытқандында. Иә, Өскеменде жиындардың көбі орыс тілінде өтетіні рас. Соған іштей күйініп жүрген Надежда Александровна сайлаудан кейінгі сес  сияның бірінші отырысында осы мәселені көтеріп, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Алайда, әлеуметтік желілерде «арнайы қойылым» деген де пікірлерді көзіміз шалған. Qaz365.kz тілшісі  тіл жанашыры, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, қалалық мәслихаттың депутаты Надежда Шушаниковамен әңгімелесті.

“Тіл жанашыры болғандықтан, бұл мәселені мен қозғамасам, кім қозғайды?! Құжаттардың бәрі мемлекеттік тілде шығуы керек. Ал бізде орысша жазылады, одан кейін қазақ тіліне аударамыз. Сонда оның түпкі мағынасы жоғалып кетеді. Кеңес одағы кетті. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты. Парламентте ант берген депутаттарға қарасам, жүрегім ауырады. Себебі, мемлекеттік тілде, ана тілінде дұрыс сөйлей алмайды. Қазақ тілі мәртебесін көтеруіміз керек. Айта кетейін, сессиядағы сөзім «қойылым» емес. Әлеуметтік желідегі пікірлерді көріп отырмын. Тіл маманы ретінде ұсындым. Екіншіден, сайлауалды бағдарламамда да негізгі бағыттарының бірі – тіл. Өскемен бойынша «Кел сөйлесейік» клубын әр жерден ашуды ойластырып жүрмін”, – дейді Надежда Александровна.

Надежда – Зай­сан қаласының тумасы. Мектепте орысша оқығанымен, қазақтың тіліне деген құрметі ерекше. Жоғары оқу орнында филология факультетін тәмамдаған Надежда Шушаникова қызмет жолын аудармашы болып бастаған. Бүгінде ол – ілеспе аударманың да білікті маманы. Орыс сыныбының оқушыларына сабақ береді. Қосымша өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретеді. 

Толық сұхбатты мына жерден көре аласыз

Қазақша сөйлегенде қазақ­тың өзін жаңылдыратын Надеж­даның ендігі ойы – түрік тілін меңгеру. Өзге тілдің бәрін біліп, қазақ ті­лі­не құрметпен қарайтын орыс қызынан үлгі аларлықтаймыз.

Сонымен қатар, Н.Шушаникова Өскемен бойынша өзге де мәселелерді көтеріп, тиісті органдарға депутаттық хат жазуды жоспарына енгізген. Мәселен, «Бабкина мельница» шағынауданында дәріхана жоқ екен. Бұл –  тұрғындар үшін үлкен мәселе. Сол үшін Надежда Алек­сандровна осы сұрақты көтеріп, оң шешімін табуға көмектесетінін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →