×

Надежда Шушаникова мәслихат сессиясын мемлекеттік тілде өткізуді ұсынды

Оның бұл ұсынысын әкім де қолдады

Надежда Шушаникова мәслихат сессиясын мемлекеттік тілде өткізуді ұсынды
видеодан кадр

Өскемен қалалық мәслихат депутаты Надежда Шушаникова мәслихат сессиясын мемлекеттік тілде өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті депутаттар! Құрметті жиналған қауым! 
Менің бір ұсынысым бар. Өзім мемлекеттік тілдің жанашыры болғандықтан, Қазақ елінде тұрғандықтан, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып саналғандықтан келесі сессиямызды мемлекеттік тілде өткізсек қалай қарайсыздар?»
– деп сауал тастады қалалық мәслихаттың отырысында  депутат Надежда Шушаникова.

Оның бұл ұсынысын әкім де қолдады.

Видео: Telegram

«Бұл қойылып отырған өте орынды сауал. Бұл сұранысты тек депутат Шушаникованың ғана емес, қоғамның сұранысы деп қабылдау керек», – деді бұл сауалға пікір қосқан қала әкімі Жақсылық Омар. 

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Надежда Шушаникова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ол соңғы жылдары өзге ұлт өкілдеріне, ана тілін білмейтін қандастарымыз­ға қазақ тілін үйретіп, мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге қызмет етіп жүрген тіл жанашыры.

Видео: Telegram

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді
25.04.2024ж. 23:07

Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді

Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →