×

Тараздағы «Қамқор» жұмысшылары тағы ереуілге шықты

Желтоқсан айында жұмысшылар өздерінің жалақысы 70 мыңнан 150 мың теңге аралығында екенін айтқан болатын

Тараздағы «Қамқор» жұмысшылары тағы ереуілге шықты
baq.kz

Желтоқсан айында  Тараз қаласындағы «Қамқор» локомотивінде жұмыс істейтін 500-ге жуық азамат жалақының аз болуына байланысты наразылыққа шыққан болатын. Кейіннен олар басшылықпен ымыраға келген еді. Бірақ арада 3 айдан астам уақыт өтсе де, мәселе шешілмепті. Жұмысшылар бүгін қайтадан жалақыны көтеруді талап ете бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы  тараздық журналист Нұрадин Рақай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Біз бүгін Тараз қаласындағы «Қамқор» локомотивіне келдік.  Естеріңізде болса, мұның алдында 600-ге жуық азамат жалақыларының аз екенін айтып, наразылыққа шыққаны бар. Бүгін тағы да ереуілге шықты. Өйткені, желтоқсанда берілген уәде орындалмаған. Сөйтіп, бүгін өздері сайлаған депутаттарды сұрақтың астына аламыз деп шақырып жатыр”, –  дейді Нұрадин Рақай.

Айта кетейік, желтоқсан айында жұмысшылар өздерінің жалақысы 70 мыңнан 150 мың теңге аралығында екенін айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →