×

Жыл басынан бері 6 мыңнан астам қандас атажұртқа оралды

Олардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген

Жыл басынан бері 6 мыңнан астам қандас атажұртқа оралды
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

2023 жылдың басынан бері алты мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 6144 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралды.

"Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (53,9 пайызы) Өзбекстаннан, 19,1 пайызы Қытайдан, 12,1 пайызы Ресейден, 5,6 пайызы Түрікменстаннан, 5,7 пайызы Моңғолиядан және 1 пайызы басқа елдерден келгендер", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2 пайыз), Маңғыстау (13,8 пайыз), Түркістан (6,4 пайыз), Жамбыл (5,1 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Астана (11 пайыз), Алматы (8,8 пайыз), Шымкент (7,1 пайыз) қалаларына қоныстанған.

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы этникалық көшіп-қонушылардың саны 68,8 пайызды құраса, 22,9 пайызы еңбекке жарамды жастан кіші адамдар, 8,3 пайызы зейнеткерлер.

Еңбекке жарамды жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 18 пайызы жоғары, 38,6 пайызы арнаулы орта, 37,4 пайызы жалпы орта білімі бар, 5,9 пайызы білімі жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
26.04.2024ж. 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →