×

Ермұрат Бапи: LRT ісі бойынша қашқандар – ақша жеп қашқан жоқ

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи LRT ісі бойынша пікір білдірді

Ермұрат Бапи: LRT ісі бойынша қашқандар – ақша жеп қашқан жоқ
коллаж Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи LRT ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Менің ойымша, LRT бойынша сұрақтың жауабын ескі Қазақстаннан, Нұрсұлтан Назарбаевтан сұрау керек. Қашып кеткен азаматтардың көпшілігі қылмыстық іске нақақ тартылатын болғаннан кейін қашты. Олар ақша жеп қашты деп ойламаймын. Ақша жеп отырып, Назарбаевтың жобасынан ақша ұрлау үшін қандай жүрек, қандай ерлік керек!? Олар ұрлады деп ойламаймын. LRT-ға байланысты Назарбаев тағайындаған адамдар – солар ұрлауы мүмкін. Қашып кетуге мәжбүр болған адамдар қылмыстық істен, нақақ істен қашты», - дейді Ермұрат Бапи.

Оның сөзінше, сол кезде Астана әкімі болған Әсет Исекешевтің орынбасары Нұрәлі Әлиев болған. 

«Оның да осы іске қатысы бар. Содан сұрау керек. Сондықтан, меніңше LRT мәселесінде саяси астар көп. Әрине, ақша ұрланған, желінген. Бірақ оны кім жеді деген мәселеде тексерісті қайтадан жүргізу керек», - дейді Ермұрат Бапи.

Еске сала кетсек, 2015 жылдан бері LRT жобасын жүзеге асыруға бюджеттен 156,3 млрд теңге бөлінген. Astana LRT құрылысы 2020 жылдың маусым айының соңына дейін аяқталуы тиіс еді, бірақ 2018 жылы қаржыландыру мәселесіне байланысты жоба тоқтатылды. Жобаның бастапқы құны 1,8 миллиард долларды құрады. Қытай Даму банкінен 20 жылға несие алынды. 
2019 жылы жоба оңтайландырылып, 1,2 миллиард доллар үнемделді. LRT құрылыс жобасының соңғы құны бүгінде 1,5 миллиард долларды құрайды.
Елорда әкімі болған Алтай Көлгінов 30 маусымда LRT құрылысының қайта жанданатынын хабарлады. Ол қаражат бөлінген сайын белсенді жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Ал осы іске байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылғандар 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, сотталып кетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
10.05.2024ж. 18:47

DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →