×

Блогерлердің дені бопсалап ақша табатын, атаққұмар болып кетті – депутат

«Ауыл» фракциясының депутаттары Қазақстандағы блогерлерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынды

Блогерлердің дені бопсалап ақша табатын, атаққұмар болып кетті – депутат
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжілістегі «Ауыл» фракциясының депутаттары Қазақстандағы блогерлерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынды, деп хабарлады Qaz365.kz.

Депутаттың пікірінше, өзін блогер санап жүргендердің басым бөлігі шын мәнінде блогтың не екенін түсінбейді. Көпшілігі ел алдындағы беделін, атақ-дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі «хайп» ұйымдастырып әлек.

«Дәл осы блогерлер талай жылдан бері ұмыт болған қаржылық пирамиданың жандануына да себеп болғанын бәріміз жақсы білеміз. Сол алаяқтарға сеніп қалған қаншама адам суицид жасады, қаншауы денсаулығынан айрылды, тағы қаншамасы үйсіз-күйсіз қалып, қаңғырып кетті?! Олардың обалы кімге?», - дейді  Анас Баққожаев.

Ол елде болып жатқан түрлі әлеуметтік жағдайларды өз ыңғайына бұрмалап, оған ұлтаралық рең беріп, елге жалған ақпарат таратқан блогерлердің де ісі майшаммен қаралуы керек еді. Расталмаған қауесеттің әлеуметтік желі арқылы тез тарауынан Қордай оқиғасының немен аяқталғаны бәріңізге мәлім деп айтты.

«Өкінішке қарай, бұл жайт талай қайталанса да, оған тоқтау салатын, алдын алатын ешкім табылмай тұр. Ал жалған ақпарат таратып жүргендер жазадан оңай құтылып кетіп жатады. Қоғамда жастардың жұмысқа құлқының төмендеп кетуіне де, қыздарымыздың шетелде күңдікке түсуіне де осы блогерлердің үлесі зорын айтты депутат. Тіпті Қазақстан аз ғана уақыт ішінде сөзі мен ісіне жауап бере алмайтын блогерлердің отанына айналып кетті», - дейді мәжілісмен.

Ол өмірге деген көзқарасы енді қалыптасып келе жатқан жастарымыз осы блогерлерге еліктеп, жатыпішерлікке әуестеніп барады, олар ұлтымызға жат мәдениет пен теріс идеологияны бойына сіңіріп жатыр. Сондай-ақ, осы блогерлердің сөзіне сеніп, шетелге күңдікке түскен қыздарымыз қаншама?! деп айтты.

«Қазір істің ақ-қарасын ашып жатпайтын блогерлердің кесірі журналистерге тиіп жүргені де жасырын емес. Ал тілшілердің құқығын нақтылайтын БАҚ туралы заң әлі де дайын емес. Кімнің болмасын алдында тікеңдеп, беттен алып, жеке басына тиіседі. Сөз бостандығы деген осы ма? Біз осылайша тұтастай бір мамандықты қор қылып отырмыз. Журналистердің көбі жұмыссыз! Олардың білімі де, талабы да бар. Олардың блогерлерден айырмашылығы – әдепті, сондықтан да жұмыссыз»,    - деді Анас Баққожаев.

Осы орайда мәжілісмен ақпарат саласындағы жауапкершілікті блогерлер журналистермен қатар сезінуі керектігін алға тартты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды
Бүгін, 11:28

«Адамдар темекіні дерт деп қабылдамайды»: Ташкентте шылымға деген тәуелділіктен арылудың жаңа әдістері талқыланды

Никотин өнімдерінің зиян деңгейін зерттеу бірнеше жыл бойы жалғасып келеді
«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →