×

Орман өртінің алдын алудағы әлемдік тәжірибе қандай

Елімізде жыл сайын 4 мыңға жуық өрт тіркеледі

Орман өртінің алдын алудағы әлемдік тәжірибе қандай
РФ ТЖМ

Елімізде жыл сайын дала, орман және халыққа, мүлікке, табиғатқа қауіп төндіретін 4 мыңға жуық өрт тіркеледі екен. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, елімізде табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай тұр. Осы ретте Qaz365.kz тілшісі әлемдік тәжірибелерге назарып аударып көрген еді.

Премьер-министр биыл «Қазгидрометтің» болжамы бойынша жаз мезгілі жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болады деп күтіліп отырғанын жеткізді. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін дейді.

«Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алуға баса көңіл бөлу керек. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қазақстанның солтүстігінде және Ресейдің шекаралас аймақтарында болған өрттің түтіні елордаға дейін жетті. Ал табиғи өрттерге қарсы дайындық шаралары талапқа сай болмай тұр», –  деді Әлихан Смайылов. 

Ол күн жылына бастағаннан бері елімізде 120-дан астам табиғи өрт оқиғасы тіркелгенін айтты. Олар көп жағдайда адамдардың кінәсінен орын алды. Тіпті елді мекендерге іргелес аумақтар мен алқаптардан басталған өрт тұрғын үйлерге ауысып, адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Биыл осындай 14 жағдай тіркелген.

«Бұл – бірінші кезекте, өрт қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті органдар мен жедел әрекет етуі тиіс төтенше жағдай қызметтері мен әкімдіктердің жұмысындағы кемшілік. Сондықтан өрттен қорғайтын белдеулерді жырту, іргелес аумақтарды қураған шөптерден тазарту сияқты жұмыстарды тез арада жүргізу қажет», –  дейді премьер-министр.

Үкімет басшысы табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелерін белсенді түрде енгізу қажеттігін айтты. Мәселен, «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің аумағында енгізілген смарт-жүйенің арқасында былтыр өрт оқиғасы айтарлықтай азайған.

«Мұндай тәжірибені басқа да табиғи парктер мен қорықтарда пайдалану керек», –  дейді ол.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, мұндай анықтау жүйесі «Бурабай»  ұлттық табиғи паркінің аумағында және «Семей Орманының» 10 филиалының бірінде ғана бар.

«Бурабай» ұлттық табиғи паркінің аумағында енгізілген смарт-жүйенің арқасында өрттер алаңы едәуір қысқарды, олардан келтірілген залал азайды және ден қоюдың жеделдігі артты. Осы жылы «Smart National Park Burabay» ерте анықтау жүйесі орман қоқысының өртенуін (төменгі, қашқын өрт) тіркеді, онда ерте анықтау нәтижесінде өрт қысқа мерзімде жойылды және бұл ретте өрттің үлкен аумаққа таралуын болдырмады», –  делінген министрліктің хабарламасында.

Ал осы ретте өзге елдерде тілсіз жаумен күресу жұмыстары қалай жүргізіледі. Соларға назар аударып көрсек. «Үйеңкі жапырақты» ел саналатын Канада спутниктің көмегін пайдаланады.

Канада елінде Альберта деген провинция бар. Осы аптаның басында сол жерде орман өрті болып, 10 000-нан астам шаршы шақырым жер жанып кетті. Бұған SensaioTech’s  атты егінді бақылау және өрт қаупін бағалау технологиялық компаниясын құрған Джоао Лопес қатты алаңдап отыр. Ол тағы қаншама жер өртенетін болды деп уайымдай бастайды.

«Өкінішке қарай, келесі жылы статистика бұдан да нашар болуы мүмкін екенін көрсетеді», - деді Джоао Лопес.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 2022 жылғы есебінде орман өрттері «қарқынды және жиі» болып жатқаны атап өтілген.  Енді жаһандық жылыну күшейген сайын температураның жоғарылауымен «орман өрттерінің қаупін азайту қажеттілігі бұрынғыдан да өткір болып саналады» делінген.

Тек Канадада жыл сайын шамамен 7500 орман өрті тіркеледі. Соның әтижесінде 2,5 миллион гектардан астам орман өртеніп кетеді екен. Бұл Жаңа Шотландия аумағының жартысына жуық.  Канада ғарыш агенттігінің болжамы бойынша 2050 жылға қарай бұл сан екі есеге артады.

«Біз оларға көмектесу үшін бірдеңе істеуіміз керек», - дейді Лопес.

Оның компаниясы  екіге бөлініп, Торонто мен Бразилия арасындағы орман өрттерін ауыздықтап жатыр. Бұл жақтағы орман өрттері Амазонка тропикалық ормандары мен қант қамысы алқаптарына қауіп төндіреді екен.

SensaioTech’s ұсынысы ормандар мен фермаларда орналастыратын жасанды интеллектпен жабдықталған сенсорларға негізделген. Сенсорлар 14 түрлі айнымалыны бақылайды, соның ішінде топырақ температурасы, ылғалдылық, жарықтылық, тұздылық, PH деңгейлері, зиянкестер мен аурулар.

Лопестің айтуынша, орман өрттерінің таралуын болжау және алдын алу үшін жиі пайдаланылады.

Бірақ шағын аумақтар немесе өрт басталуы мүмкін нүктелер туралы дәлдік жоқ.

Ғалымдар  өрттің басқа факторларын бақылай алатын 971 спутникті санаған. 2014 жылмен салыстырғанда көбейген. Ол кезде 192 болған.

Spire Global және OroraTech компаниялары ғарыштан спутник арқылы дала өрттерін бақылау үшін Канаданың ғарыш агенттігімен бірлесіп келісімге отырды.

Келісімшарт агенттіктің жоспарланған WildFireSat миссиясына алғашқы қадам болып саналатын орман өртін бақылау спутнигіне дайындық жұмыстарын қамтиды. WildFireSat мақсаты – Канададағы барлық орман өрттерін күнделікті ғарыштан бақылау.

Spire еншілес кәсіпорны exactEarth жаһандық өртке қарсы барлау қызметін ұсынатын OroraTech-пен серіктестік орнатты. OroraTech Spire 6U жерсерігінде өзінің алғашқы пайдалы жүктемесін, жылу инфрақызыл камерасын және деректерді өңдеу блогын іске қосу үшін Spire Space Services-ті пайдаланды. WildFireSat жүйесін жобалау және енгізу 2024 жылдың көктемінде басталады деп күтіліп отыр.

Агенттіктің хабарлауынша, болашақ WildFireSat жүйесі дала өртінен бөлінетін энергияны өлшеуге арналған инфрақызыл сенсорлармен жабдықталған спутниктерден тұрады, бұл өрттің қарқындылығы мен таралу жылдамдығы сияқты орман өрттерінің сипаттамаларын түсінуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ орман өрттерінен көмірқышқыл газының шығарындылары туралы нақтырақ мәліметтер береді.

Мысалы, «Жасанды интеллектің» көмегін пайдаланып жатқандар бар. Македония осы әдісті қолданады екен. Олар Афины ұлттық обсерваториясы (NOA) әзірлеген тәжірибеге сүйеніп отыр.

Эстониялық Milrem Robotics компаниясы камералармен, сенсорлармен және су шашатын түтіктермен жабдықталған шынжыр табанды Hydra өрт сөндіру роботын жасап шығарды.

Орман өрттерінің 90%-ға жуығы адамдардың жауапсыздығынан. Көп жағдайда өрт қауіпсіздігін бұзу. Әсіресе, от жағу, қоқыстарды өртеу, шөптерді өртеу. Шашыраған ұшқыннан шыққан өрт мыңдаған гектар орманды қиратып, тұтас елді мекендерді жарықсыз қалдырып, жергілікті тұрғындарға материалдық шығын келтіріп, үйлерін күлге айналдыруы мүмкін.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →