×

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Рәсім Қарағайлы скверінде өтті

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рәсім Қарағайлы скверінде өтті. Оған қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мен жақындары, жастар ұйымдарының өкілдері және т. б. қатысты.

Еске алу іс-шарасына қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар бүгінгі таңда тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпау, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай құрбандықтың болғанын және оларды  ұлықтау қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Түрлі мәліметтер бойынша, өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында 3 млн-ға жуық қазақстандық жаппай ашаршылықтың құрбаны  болды, 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астам адам атылды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда 1997 жылдан бері аталып келеді. Қуғын-сүргіннен Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин және басқалар зардап шекті.

Бұл күндері қалада түрлі естелік іс-шаралар, соның ішінде «дөңгелек үстелдер» форматындағы конференциялар, тарихи-ағартушылық дәрістер, театрландырылған қойылымдар, кітапханалардағы фото және кітап көрмелері, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері және т.б.  ұйымдастырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында ауылшаруашылығы саласының дамуы мақсатқа сай
Бүгін, 16:23

Абай облысында ауылшаруашылығы саласының дамуы мақсатқа сай

Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады
Облыс әкімдігі аталған материалға қатысты жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →