×

Блогер желіні тамсандырған курьерге мопед сыйлады

Осыған дейін жас жігіттің желіде видеосы тарады

Блогер желіні тамсандырған курьерге мопед сыйлады
Видеодан кадр

Tiktok желісінде Бексұлтан Молтаевтың курьер болып жұмыс істеп жүрген видеосы жұртшылықты тамсандырған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіні тамсандырған курьердің тірек-қимыл жүйесі бұзылғанын аңғаруға болады. Бексұлтанның өзі сұхбат бергісі келмейтінін айтты.

Күні кеше Bake_bloger деген азамат Бексұлтанға оған мопед сыйлады.

«Барша қазақ елі сенің видеоңды көріп тамсанды. Біз одан қатты күш-жігер алдық. Нағыз ер азаматтың жұмысқа бейім екенін, жұмыс жоқ деген жай сылтау екенін сен дәлелдеп бердің. Алланың берген сынағына мойымай, адал еңбек етіп жүргенің сүйсінтті. Мен қазір қолымнан келгенше саған көмектесемін. Өзімнің ер-азаматтық парызымды орындаймын», - деді блогер.

Ол өзінен көп адам көмек сұрайтынын да айтты.

«Менен көп адам «көмектесіңізші» деп көмек сұрайды. Бірақ он екі мүшесі сау. Ал сен өзіңдегі сынаққа мойымай, жұмыстан қалмай жүрсің», - деп ол мопедтің кілтін табыстады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерлан Қожағапанов пен пиаршы Ләззат Көккөзова сотталды
Бүгін, 10:41

Ерлан Қожағапанов пен пиаршы Ләззат Көккөзова сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Мешіт саламын деген азаматтар көмектессе - халық игілігіне жарайтын мықты клиника жасаймыз
Ол бұған дейін «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында Ермек Тұрсыновтың серіктесі болғаны анықталды.
Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →