×

FlyArystan-ға домбыраны кіргізу үшін бөлек орын сатып алу керек

Әуе компаниясының ережелері барлық жолаушылар үшін ортақ

FlyArystan-ға домбыраны кіргізу үшін бөлек орын сатып алу керек
Ашық дереккөздерден

FlyArystan компаниясы ұшақ ішіне домбыраны кіргізу үшін бөлек орын сатып алу керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ережеге сай, билетті сатып алу кезінде аспапқа ұшақ бортында бөлек орын сатып алу арқылы тасымалдай алады. Бұл тәжірибе борттағы барлық 188 жолаушыға қол жүгін орналастыру мүмкіндігін беру қажеттілігіне, сондай-ақ құралдың бұзылуын/бүлінуін болдырмау үшін қолданылады. Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпаратты алу үшін және сұранымдарыңызды жіберу үшін special.services@flyarystan.com бөліміне немесе FlyArystan байланыс орталығына хабарласуыңыз қажет», - делінген жауапта.

Билетті сатып алмас бұрын жолаушы арнайы қызмет бөліміне немесе байланыс орталығына хабарласуы керек екен. 

«FlyArystan еліміздің дәстүрлері мен құндылықтарына, сонымен бірге ұлттық аспаптарына үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар отандық музыкалық ансамбльдерді қашан да қолдайды, алайда әуе компаниясының ережелері барлық жолаушылар үшін ортақ», - делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін  жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan бортсеріктері ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбей қойғанын айтқан болатын. Қызметкерлері «домбыраны ұшаққа кіргізбейсің» деп ақын қызды жұлқылаған еді. Бірақ ол бортсеріктердің талабына көнбей, сонда да домбырамен ұшаққа отырған.
Кейіннен Мәжілісте осы жағдайға байланысты депутат Ринат Зайытов әуежайларға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі арқылы дұғай-дұғай сәлем жолдады. Егер министрге шеше алмасаң, Алматы мен Астананың әуежайына кемінде мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұраймыз деген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Кеше, 16:41

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →