×

Тележүргізуші: Бетмоншақтарыңды төкпей-ақ қойыңдаршы, халық шынымен аш

Өз еңбегімен таза өмір сүріп жүрген байғұстардың айлығы шайлығына жетпейді

Тележүргізуші: Бетмоншақтарыңды төкпей-ақ қойыңдаршы, халық шынымен аш
коллаж Qaz365.kz

26 тамызда Астанада халық тәжік шаруаларының көрмесінде қойылған жемістерді талап әкеткені туралы әлеуметтік желіде видеоға тараған. Бұған қатысты қоғамда резонанс туындады. Біреуі мәдениеттің төмендігімен байланыстырып жатса, кейбірі елдегі әлеуметтік жағдай осыған жеткізді деп санайды. Олай ойлайтындар қатарында тележүргізуші Перизат Жапарова да бар болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Халық шынымен аш! Мұны ашкөздікпен шатастырмаңыздар. Ұят деп беттеріңді шымшымай-ақ қойыңдаршы. Мен бір бөлмелі времянкада 15 адам тұрып жатқанын көргенмін. 80-90-дағы апаларының зейектақысына күн көріп жүрген отбасылар да жетіп артылады. Ұл-қыздарын жалдамалы пәтерден ұзатып жатқан ата-аналар қаншама! Бәрін халыққа жаппаңдар! Өздері кінәлі деуді доғарыңдар! Мемлекетке міндетсініп отырған ешкім жоқ. Бірақ салықты оңдырмай салуды, айыппұлды аспанға шығаруды біледі.Неге жөні түзу айлық төлеуді білмейді?! Неге күннен күнге бәрі қымбаттап барады? Дүниежүзі бойынша ең қымбат жолақы бізде екен. Не сұмдық?» - дейді журналист.

Ол  көрмеде жалмаңдап қауын-қарбызды жинаған адамдарға рахмет айтамын деп отыр. Билік сол арқылы халықтың аш екенін көреді деп санайды.

«Бөтен ел не дейді?» деп бетмоншақтарыңды төкпей-ақ қойыңдаршы! Ел не дейді дегеннен қашан құтылады екенбіз? Елде нелерің бар? Өз халқыңмен дұрыстап араласып алшы, айналайын биліктегілер! Сендер Марста, қарапайым халық Юпитерде өмір сүріп жатқандаймыз. Қазір Қазақстанда кім пара алады, солар ғана бай. Ал өз еңбегімен таза өмір сүріп жүрген байғұстардың айлығы шайлығына жетпейді. Өзім телевидениеде жұмыс істеймін. Мысалы, сол жерде журналистер аванс сұрап жүреді. Өйткені бірнеше кредиттері бар. Ел осы күні Kaspi Red-пен киім алып, тамақ ішеді», - дейді Перизат Жапарова.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода көрмеге келген астаналықтардың жемісті талан-таражға салған әрекеті көпшіліктің ашуын тудырған болатын.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Тәжікстаннан әкелінген жеміс-жидектердің көрмесінде тәртіп бұзу фактілері болғанын мойындады. Әкім «жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырғанын» айтты.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Бүгін, 16:41

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →