Депутат «қатерлі ісік – қазақтың ұлттық ауруына айналғанын» айтады
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан денсаулық сақтау саласындағы жеке меншікке сатылып кеткен институттарға ревизия жасауды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Алматыда орналасқан ұлттық ғылыми зерттеу институттарының бәрі жекешеленіп кетті. Біз кезінде тәуелсіз газеттерде бұл жөнінде көп жаздық. Бірақ мемлекеттік басылымдар бұл жөнінде үндеген жоқ. Жекешелендірудің басында тұрған – Ескі Қазақстанның қожайындарының ықпалы болды. Негізгі сол кездегі бірінші отбасының төңірегінде жүргендердің ықпалымен жекешелендірілді. Осы институтттарды жекешелендіру мәселесін қайта қарау немесе ревизия жасау министрліктің жоспарында бар ма?» - деп сұрады Ермұрат Бапи министрден.
Депутат «қатерлі ісік – қазақтың ұлттық ауруына айналғанын» айтады. Соңғы ақпаратты шолып шыққан депутат 180 мыңға жуық адам осы ауру бойынша тіркелгенін, жылына 15 мың адам осы аурудан кететінін атап өтеді.
«Негізгі өлім-жітім жағынан қатерлі ісік екінші орында екен. Солай ма? Солай болса тұрса да, жаңа айтып кеткен институтттардың бәрі Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының флагмандары. Десе де Алматыдағы Қазақ онкология және радиология институты қалайша жеке меншіккке берілді. Бұл – қырылып жатқан қазақтың ауруын зерттейтін институт қазір меншікке сатылып кеткен. Әрбір аппаратураға мекеме сатылар алдында 5 млн долларға дейін ақша жұмсалған. Мемлекет бәрін жабдықтап берді де, жеке меншікке бере салды. Осының анық-қанығы қалай? Мұнда бірінші отбасының ықпалы қандай болды? Қайтару мәселесін қайтып келетінп жағдай деп ойлаймын», - дейді ол.
Депутат министрден жазбаша жауап талап етті.
Еске сала кетейік, кеше Мәжілістің үкіметтік сағатында міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру мәселесі талқыланған. Отырыста Денсаулық сақтау министтрі Ажар Ғиниятқызы сөз сөйлеп, саладағы өзекті сұрақтар бойынша депутаттарға жауап берді.