×

«Өзіңіз 120 мың айлыққа келісер ме едіңіз?»: Үкіметте министр журналистпен шекісіп қалды

Журналист МӘМС жүйесінен тыс қалған 3,3 млн қазақстандықтың мәселесін көтеріп, «оларды қалай жұмыспен қамтисыздар?» деп сұраған

«Өзіңіз 120 мың айлыққа келісер ме едіңіз?»: Үкіметте министр журналистпен шекісіп қалды
Ашық дереккөзден

Үкіметтің баспасөз орталығында журналистердің бірі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен сөзге келіп қалды. Журналист МӘМС жүйесінен тыс қалған 3,3 млн қазақстандықтың мәселесін көтеріп, «оларды қалай жұмыспен қамтисыздар?» деп сұраған. Алайда Жақыпова «жастар 120 мың теңгеге жұмыс істегісі келмейді» деп жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Кеше Мәжілісте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған мәлімдеген болатын. Журналист Жақыповадан «оларға жұмыс тауып беруге мүмкіндік бар ма?» деп сұраған. Бұл сұраққа жауап берген министр биыл 9 айдың ішінде 941 мың азамат жұмысқа тұрғызылғаны, 3 млн деп айтып отырған азаматтар өздерін өздері жұмыспен қамтып отырғандар екенін еске салды.

«Біз мемлекет тарапынан беріліп отырған сомаларды айтар болсақ, оңтүстіктен солтүстікке көшу үшін, жұмыс орнын ашып соған жұмысшыларды қабылдау үшін мемлекет тарапынан 10 млрд теңге берілді. Сондықтан азаматтар өздері талпынып жұмыс істеймін десе, жұмыс бар, - деді ведомства басшысы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 
 

Министр жұмыс берушілер жұмысшы таппай отырғанын, жастардың 120 мың теңгеден жалақысы кем болса жұмысқа тұрғысы келмейтінін де атап өткен еді. Журналист «сіз 120 мың теңгеге жұмысқа тұрар ме едіңіз?» деп сұрады. «Мен 120 мың теңгеге де жұмыс істедім. Қазір өзіңіз біліп отырсыз, - деп жауап берді министр.
Ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев МӘМС жүйесінен тыс қалған азаматтар «жұмыссыз» санатына кірмейтінін, олар жұмысы болса да, жүйеге ақша аударғысы келмейтінін айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →