×

Израильде бірнеше қазақстандық қалып қойған - себебі айтылды

Израильде тағылымдамадан өткен медицина маманы Үміт Желдібаева да елге оралды

Израильде бірнеше қазақстандық қалып қойған - себебі айтылды
Фото: Самат Құсайынов

Израильде тағылымдамадан өткен медицина маманы Үміт Желдібаева да елге оралды. Ол қазіргі кезде сол жақта ота жасатқан бірнеше қазақстандықтың қалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бірнеше Қазақстан азаматына ота жасалды. Сондықтан олардың жағдайы нашар болған соң, Израильде қалып қойды. Елге келе алмады. Қазіргі кезде ракеталардан сақтану үшін ауруханалардың нақты бір ғимаратында жатыр», - дейді Үміт Желдібаева.

Медицина маманы Израильге үш айға тағылымдамадан өтуге барған. Енді толықтай елге оралып отыр.

Ол бұған дейін Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасының эфирінде Хайфа қаласына 3 айлық тағылымдамадан өтуге барғанын айтқан болатын.

«Қалада өте үлкен үрей бар. Әуедегі ұшақтар, жедел жәрдем көлігі, полиция көлігі – барлығының дабыл жүйесі қосылған кезде бойыңды қорқыныш билейді. Сондықтан Қазақстан елшігінен көмек сұрадық. Олар бізді елге жеткізу үшін арнайы ұшақ жіберілетінін айтты. Әрқайсымыз 300 доллар көлемінде жолақысын төледі», - деген еді Израильде тағылымдамадан өткен маман.

Айта кетейік, палестиналық ХАМАС тобы сенбі күні Израильге шабуыл жасады. Салдарынан Израиль соғыс жағдайына енгені хабарланды. Соңғы дерек бойынша, 700-ден астам адамды өлтірген. Қазіргі кезде бірқатар мемлекет Израильден азаматтарын эвакуациялауды ұйымдастырып жатыр.

11 қазан түнде Израильдің Тель-Авив қаласынан арнайы рейспен 166 жолаушы Алматыға ұшып келді. Оның ішінде 124-і Қазақстан азаматы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →