×

"Өз азаматтарын шұғыл қайтарып алған жалғыз ел": Израильден оралған алматылық алғыс айтты

Израильден 166 азамат елге оралды

"Өз азаматтарын шұғыл қайтарып алған жалғыз ел": Израильден оралған алматылық алғыс айтты
orda.kz

Алматылық Артур Ковалевский әуежайда Израильден аман-есен оралуға үлес қосқандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз соңғы уақытқа дейін ұрыс аймағынан тез кетеміз деп үміттендік, өйткені мен ешқашан мұндай нәрсені сезінген емеспін. Сиренаның жағымсыз даусы, жарылыс өте қорқынышты. Қателеспесем, Қазақстан - өз азаматтарын шұғыл қайтарып алған жалғыз ел. Чат, бәрі-бәрі дереу ашылды. Онда министрліктің, Air Astana-ның қызметкерлері жан-жақты қолдау көрсетті. Сол үшін де алғысымыз шексіз. Өз елімді өте мақтан тұтамын», - деді ол.

Айта кетейік, палестиналық ХАМАС тобы сенбі күні Израильге шабуыл жасады. Салдарынан Израиль соғыс жағдайына енгені хабарланды. Қазіргі кезде бірқатар мемлекет Израильден азаматтарын эвакуация жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. 

10 қазан күні Израильден 166 азамат елге оралды. Әуе рейсі Алматыға жергілікті уақыт бойынша шамамен 23.45-те келді.

Израильде тағылымдамадан өткен медицина маманы Үміт Желдібаева бірнеше қазақстандықтың Израильде қалып қойғанын айтты. Елге оралған Қазақстан азаматы Израильде қандай қиындық көргенін айтып берді

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →