×

Жат діни ағымдарды ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз – Ермұрат Бапи

Мәжіліс депутаты  бүгін жалпы отырыста салафизм тақырыбын қозғады

Жат діни ағымдарды ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз – Ермұрат Бапи
parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи  бүгін жалпы отырыста салафизм тақырыбын тағы қозғап, вице-премьер Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Елдегі исламдық салафиттік ағым ұлттық және мемлекеттік мүддемізге қатер төндіріп жатыр. Осы жөінде Мәжілісте сауал жолданды. Бұл сауалдар еріккеннің ермегі емес. Қазақстан қоғамын, рухани ортасын барған сайын меңдеп бара жатқан салафизм, арабизм дертінің алдын алу үшін туған, жандәрмен азаматтық алаңдаушылықтың мүддесі еді. Біз мемлекетіміздің ұлттық тұтастығы мен халқымыздың дәстүрлі дінін, ұрпақ болашағын қатерге байлап бере алмаймыз. Жат діни ағымдарды ақыл-санадан да, ауыл-қаладан да қуып шығуға міндеттіміз. Депуаттар қаққан дабылды қоғамда «бұлар Ислам дініне қарсы шықты» деп әлдекімдер әлеуметтік желіде «Ринаттың 80 пайызы» сияқты өңін айналдырып, дабыра салып жүр», - дейді Ермұрат Бапи.


Ол Исламға және елдегі дәстүрлі мәзхабқа қарсы емеспіз» деп айтты. Мәжілісмен салафизм, вахабизм идеясына қарсы екенін жеткізді.

 “Тамара Қасымқызы, сізге сауал: қазақ халқының ежелден өмір сүру және жат идеологиялық ағымға қарсы үкімет тарапынан бағдарлама бар ма?” - деді депутат.


Вице-премьер Тамара Дүйсенова тамыз айынан бастап осы мәселемен шұғылдана бастадым деп айтты.

“Теологтарды, діни бірлестіктердің өкілдерін шақырдым. Олардың пікірі де сіздермен пікірлес. Сіздердің ұсыныстарыңызды олар да қолдап отыр. Әлеуметтік желілерде әртүрлі діндерді, бағыттарды уағыздайтын контенттерге тосқауыл қой алмай отырғандарын мойындады. Екіншіден, біздің қоғамда діни сауаттылықтың төмендігін, үшіншіден, мемлекеттік органдардағы реттеу жұмыстары мен ұйымдастыру жұмысында әлі де шалалықтар бар. Кеше мектептегі оқу жылы басталар алдында хиджаб мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың толық жауап бермеуі қоғамда үлкен пікірталасқа апарды. Дін деген өте нәзік нәрсе. Көп нәрсені заңды түрде реттеуіміз керек. Шетелдік тәжірибелердің бәрін қарадық. Сауд Арабиясының өзінде мемлекеттік реттеу функциялары күшейтіліп жатыр. Сондықтан, ұсыныстарыңызбен бірге заңға өзгеріс енгізу керек. Ондағы екі мәселені қарауымыз керек: мемлекеттік зайырлылық қағидаттарын нығайту және діни бірлестіктерді мемлекеттік реттеу тетіктерін күшейтуде өзгеріс енгізсек, бүгінгі жұмысымызды сонда дұрыстауға болады деп ойлаймым”, - деді Тамара Дүйсенова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →