×

Астана тұрғындары Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді

Республика күні қарсаңында елордада «Менің елім – менің туым!» челленджі өткізілуде

Астана тұрғындары Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді
Астана қаласының әкімдігі

Елордада «Менің елім – менің туым!» челленджі аясында қала тұрғындары 1000-нан астам ту ілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда тұрғындары «Менің елім – менің туым!» челленджін өткізді. Астананың бес ауданында терезелер мен балкондарға және көше бойына 1000-ға жуық ту ілінді.

«Астана жастары» еріктілері мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастады. Instagram желісінде олар қазақстандықтарды өздерінің тумен түскен фото/видеоларын жариялауға және #RepublicDay #РеспубликаКүні #kzdayrepublic хэштегімен белгілеуге шақырды.

Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды да қуанышқа бөлейді.

Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.

«Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, еріксіз көңіл күйім көтеріледі. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек», – деп бөлісті Астана тұрғыны Тамара Суворина.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында ҚР тулары ілінген.

Жалпы, Астана қаласы бойынша мыңнан астам ту ілінді. Акция жалғасуда. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алмаарасан шатқалы тазартылды
Кеше, 19:32

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алмаарасан шатқалы тазартылды

Өткелді шатқалына келушілер санының жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне жалпы 2 трлн 451,4 млрд теңге бағытталған.
Оның сөзінше, құқықтарын қорғау үшін ол әкімдікке және орыс қауымдастығына жүгінген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →