×

"Ақселеу Сейдімбектің жұмбақ өлімі": Мырзатай Жолдасбеков ел білмейтін сырды ақтарды

Ғалымның сөзінше, бұл қаза – бүкіл қазақтың басына түскен ауыр қайғы

"Ақселеу Сейдімбектің жұмбақ өлімі": Мырзатай Жолдасбеков ел білмейтін сырды ақтарды
Ашық дереккөздерден

Ғалым Мырзатай Жолдасбеков AIQYN YouTube-арнасына берген сұхбатында жазушы, зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің қазасы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ғалымның сөзінше, бұл қаза – бүкіл қазақтың басына түскен ауыр қайғы.

"Ақселеу қайтыс болғанда қабырғам қаусады. Еуразия университетіне ректор болып келгенде, ең бірінші сәлем берген – Ақселеу. "Қайда жүрсің?" десем, "Президент мәдениет орталығында" деді. Журналистика кафедрасына бастық қылып қойдым. Ақселеу Қойшығара екеуі үнемі қасымда жүрді. Бір сәт қасымнан қалдырған емеспін”, – деді ішкі сырымен бөліскен ғалым.

Сұхбат барысында Мырзатай Жолдасбеков жазушының өмірден өткен сәтін жаны күйзеле еске алды. 

“Әттең, Ақселеу! Әттең, Ақселеуім! Ауруханаға барып, қаралып жатыр едім, Иманғали звондады. "Мырзеке, сұмдық болып жатыр. Ахаң қайтыс болды" дейді. Тастай салып келдім. Несіпбек екеуі жайғастырып қойыпты. Үйінде жалғыз болған. Өзіне қол салған. Мылтықпен ауызға салып, тас-талқанын шығарып атып жіберген. Неден болды, қалай болды, бұл жағын білмеймін. Сондай опынатындай ештеңе жоқ сияқты еді. Қайда барса да, ел сыйлайтын Ақселеу еді. Кейінгі кезде қазақтың басына қонған үлкен қайғы деп ойлаймын", – дейді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
Кеше, 18:47

DISNEY туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

«Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдерін қазақ тілінде тамашалауға болады
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →